$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаев Шыңғыс ханды қазақ дейтіндерге ақылын айтты

Бүгін ҚР Ұлтық ғылым академиясының 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараға қатысқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шыңғыс ханның ұлтына қатысты көтеріліп жатқан мәселеге өз пікірін білдірді.

"Шыңғыс хан мен Томиристі қазақ дегенді естісем денем түршігеді. Біздің өзге айтар түгіміз жоқ па? Болашаққа қарайтын уақыт келді емес пе?! Бұрын Тони Блэр айтқан: "Ұлыбританияның ұлы тарихы бар. Бірақ, біз музейде өмір сүре алмаймыз, адамдарды компьютерге отырғызатын уақыт келді" деп. Біз де дәл осы мәселеге бас ауыртуымыз керек. Сіздердің сөздеріңіз салмақты, өтімді болуы тиіс. Қазақстандықтар болашақта қандай болуы керек деген сұраққа бас ауыртыңыздар. Біз аға ұрпақ тәуелсіздікке қол жеткіздік, мықты мемлекет қалыптастырдық", - деді ҚР Президенті.

Оның айтуынша, қазір рухани әлемі бай жастарды қалыптастыру қажет. Олар тәуелсіздікті де, дінді де, мәдениетті де қастерлей алады.

"Мұндай адамдарды қазірден бастап дайындау керек. Олар жоғары технологияларды меңгерген, кез-келген салада жұмыс істей алатын жаһандық деңгейдегі мамандар болулары тиіс. Ол үшін олар ана тілімен бірге ағылшын тілін де білуі қажет. Сонда ғана қазақтар бәсекеге қабілетті ұлт бола алады", - деп атап өтті Елбасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары