$ 494.87  520.65  4.91

Отандық ғалымдар қасқырларды спутниктен бақылайтын болды

Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының (ҚБСА) зерттеу тобы 7 тамызда Қостанай облысына аттанды. Қазақ ғалымдар дала қасқырына зерттеу жүргізбек. Қостанай облысының ерекше қорғалатын табиғи аймақтарында өткізіледі, деп хабарлайды «Қазақпарат».

 «Зерттелетін аймақ  «Алтын дала», «Ырғыз-Торғай» екі мемлекеттік табиғи қорықтарды  және оларды қосатын «Ырғыз-Торғай-Жыланшық» экологиялық дәлізін біріктіреді. Спутниктік бақылау, көң үлгілерін сұрыптау, қасқырлардың көшін бақылау жүргізілмек. Осы жылдың ішінде ҚБСА қызметкерлері киік тобының аймағындағы бес ересек қасқырға спутниктік хабарлағыш орнатуға тырысады.

Спутниктік бақылау арқылы қасқырдың тәуліктік  және маусымдық  белсенділігін, отбасылық аймақтардың орналасқан жері мен көлемін, маусымдық жосуларын зерттеуге болады. Дала бөрісі немен азықтанатын білу үшін көңнің үлгілері жиналады, өлген аңдардың асқазандары зерттеледі. Қосымша жергілікті халықтың арасында сауалнама өткізіледі, халықтың жауаптары адам мен қасқыр қатынасының әлеуметтік аспекттерін анықтайды», делінген хабарламада.

Жұмыс біткен соң ҚБСА ғалымдары экологиялық  дәліз бен қорық аймағында жұмыс істейтін қызметкерлерге қасқыр үйірлерін басқарудың тиімді ұсыныстарын дайындап береді. Қасқыр топтамасын тиімді басқару киіктің санына, табиғатқа ойдағыдай құлан және Пржевальский атын қайтаруына ықпал етеді. ҚБСА қасқырдың санын бақылау және реттеу туралы жергілікті халыққа ұсыныстар береді. Зерттеу жұмысына Франкфурт зоологиялық қоғамы және Құстар қорғау корольдық қоғамы (RSPB) көмектеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары