05.01.2024, 22:30

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш беру 9 қаңтарға дейін ұзарды

Фото: gov.kz

Бұл туралы ақпарат Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

Өңірлерде қосымша орындар ашылып жатыр. Бұл туралы ақпарат Ғылым және жоғары білім министрлігінің желідегі парақшаларында дүйсенбі күні жарияланады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құрметті қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысушылар! Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш беру 9 қаңтарға (қоса алғанда) дейін ұзартылады. Өңірлерде қосымша орындар ашылады. Бұл туралы ақпарат парақшада дүйсенбі күні жарияланады, - делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар министрліктегілер азаматтардан бос орындар туралы жалған ақпарат таратушыларға сенбеуді және өзекті жаңалықтарды тек ресми ақпарат көздерінен, яғни әлеуметтік желілердегі министрліктің, Ұлттық тест орталығының парақшаларынан және www.testcenter.kz сайтынан оқуды сұрады.