2001-2004 жылдары доктор Вакар Ұлыбритания Премьер-Министрі канцеляриясы Ғылым департаментін басқарған.
2024 жылғы 28 маусымдағы NU Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Президент қызметіне Ұлыбританияның азаматы Ахмад Вакар таңдалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ахмад Вакар Брэдфорд университетінде (Ұлыбритания) PhD докторы дәрежесін алған.
Доктор Вакар өзінің мансап жолында Йорк университеті мен Лондон университеттік колледжі (Ұлыбритания) профессоры қызметінен Мидлсекс университетінің (Ұлыбритания) проректорына дейін көтерілген.
2001-2004 жылдары доктор Вакар Ұлыбритания Премьер-Министрі канцеляриясы Ғылым департаментін басқарған.
2017 жылдан бастап Абу-Даби университетінің ректоры болды. Ол басшылық еткен жылдары Абу-Даби университеті Times Higher Education беделді рейтингіндегі үздік университеттер арасында 250-300 диапазонына дейін көтерілді.
Сонымен қатар ол – беделді ғылыми басылымдарда жарияланған 90-нан астам ғылыми жұмыстың авторы.