$ 511.22  540.05  4.73

Қазақстанда студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 пайызға өсетін болады

Оның айтуынша, үкімет жаңа оқу жылы басталған сайын бакалавр, магистратура және докторантурада білім алатын студенттердің шәкіртақысын көбейтіп отырады.

Фото: canva.com
Фото: canva.com

Қазақстанда 2028 жылы докторанттардың стипендиясы 500 мың теңге жетеді. Бұл туралы бүгін мәжіліс кулуарында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, үкімет жаңа оқу жылы басталған сайын бакалавр, магистратура және докторантурада білім алатын студенттердің шәкіртақысын көбейтіп отырады.

«Жыл сайын бакалавриаттағы шәкіртақыны 20 пайызға, магистратура мен докторантурада білім алатын студенттердің шәкіртақысын 30 пайызға көбейтіп отырамыз. Қазір докторантурадағы студенттердің шәкіртақысын 230 мың теңгеге жеткіздік. Мақсатымыз – 2028 жылға дейін олардың стипендиясын 500 мың теңгеге дейін өсіру», - деді министр.

Сөз соңында Саясат Нұрбек келесі оқу жылының басында шәкіртақы ол айтқандай тағы да көбейеді.

Естеріңізге сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпаққа жақсы оқу үшін лайықты төлемдерді қамтамасыз етуді тапсырған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары