Елімізде халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздарына сыйақы беріледі.
Елімізде халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздарына сыйақы беріледі. Бұл туралы ОКҚ-да “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Тұрсынов айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазіргі уақытта Қазақстан - олимпиадалардың жүлдегерлерін марапаттау тәжірибесіне ие аз ғана елдердің бірі, - деді ол.
Еске салсақ, 2022 жылдан бастап халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен олардың ұстаздарына ақшалай сыйақы беріле бастаған болатын.
Халықаралық олимпиадаларда жүлделі орын алған оқушылар мен оларды дайындаған педагогтер бірреттік мемлекеттік сыйақы алады, - деп түсіндірді
Оқушыларға қандай сыйақы беріледі:
алтын медаль үшін – 1500 АЕК, бұл 5 898 000 теңгеге тең.
күміс медаль үшін – 1000 АЕК, 3 932 000 теңгеге тең.
қола медаль үшін – 500 АЕК, 1 966 000 теңгеге тең.
Мұғалімдерге қандай сыйақы беріледі:
Алтын медаль алған оқушыны дайындаған ұстазға – лауазымдық жалақысының 26,5 еселенген мөлшерінде.
күміс медаль алғанға – 17,5 еселенген мөлшерінде.
қола медаль алғанға – 8,5 еселенген мөлшерінде біліктілік арттыру деңгейіне сәйкес сыйақы беріледі.