$ 504.44  545.65  5.95

«Ақша ұшты-күйлі жоқ»: Асқар Жұмаділдаев ғылымға бөлінетін қаражатты қалтасына басқандарды сынады (ВИДЕО)

Оның айтуынша, қазір академияда ғылыми институт жоқ. Ол осы мәселені жүйеге келтіруді алға тартты.  

Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Жұмаділдаев елдегі ғылымды дамытуға бөлінетін қаражаттың орынсыз жұмсалып, тіпті тиісті қорға түспейтінін айтып, наразылығын білдірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, қазір академияда ғылыми институт жоқ. Ол осы мәселені жүйеге келтіруді алға тартты. 

"Жер қойнауын пайдаланушылардың 1 пайызы ғана бар ғылымға кететін. Сол ақшаның қайда кетіп жатқанын ешкім білмейді. «Самұрық-Қазынаның» бір бөліміне кіреді, сонымен ұшты-күйлі жоқ. Анау алпауыттар қайта ақшаны алып алады екен да, өздерінің ұсақ-түйек шаруаларына құртады екен. Осы қазір ғылыми қордың есеп шотына түсу керек. Қордың жалғыз мақсаты бар. Ғылыми зерттеу институттарын құру керек. Жаңа ғылым жасау керек. Ғылымы жоқ академия – академия емес. Армиясы болмаса генералдың не керегі бар?! Қазір академияда өкінішке қарай, бірде-бір ғылыми институт жоқ. Міне осы мәселені біз жүйеге келтіруіміз керек", - дейді Асқар Жұмаділдаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 137
Ұнамайды 1
Күлкілі 4
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары