Қазақстанның білім және ғылым министрлігі қазақстандық мектептерде апаттылықты жою, сондай-ақ кейбір мектептерде үш ауысымдық оқыту жүйесін алып тастау бойынша бесжылдық жоспарды бекітті, Skifnews.kz.
Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
— Арнайы комиссия құрылды, апаттылықты жою және үш ауысымдық оқыту жүйесін алып тастау бойынша бесжылдық жоспар бекітілді, — деді А.Сәрінжіпов білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде.
Оның айтуынша, Қазақстанда апатты жағдайдағы мектептердің көбі оңтүстік өңірлерде- Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан өңірінде орналасқан.