$ 447.4  477.55  4.76

Биылғы оқу жылы Астанада 5 жаңа мектеп ашылады

Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінше, биылғы оқу жылында 5 жаңа мектеп ашылады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қала әкімдігінің ресми сайтының хабаралауынша, биылғы оқу жылы № 73, 74, 75, 76, 77 мектептер өз есігін ашады. Әр мектептің жобалық қуаттылығы - 1200 орын. Сонымен қатар, қазан айында 4700 орындық 4 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған.

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. 1 қыркүйекте білім беру ұйымдарында Білім күніне арналған «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында сабақ өткізіледі.

Бірінші сыныпқа баратын 13 мыңға жуық балдырған мектеп табалдырығын алғаш аттап, оқушылар қатарына қосылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары