$ 498.34  519.72  4.85

Алғаш рет iPhone 8 смартфонының суреттері жарияланды (ФОТО)

Латыш блогері Бенджамин Гескин өзінің Twitter-парақшасында әлі зауыттан шықпаған iPhone 8 смартфоның суреттерін жариялады. Оның айтуынша, жаңа модельді оған Foxconn зауытында жұмыс істейтін досы сыйлаған көрінеді.

Гескиннің сөзінше, оның қолындағы смартфон үлгі ретінде жасалған. Дизайны алдағы уақытта біршама өзгеріске ұшырауы да мүмкін. Дегенмен, негізгі сұлбасы осындай болмақ.

Суреттердегі гаджеттердің бірінің корпусы толықтай металдан жасалса, екіншісінің артқы беті iPhone 4 смартфонындағыдай шыныдан жасалған. Гескиннің айтуынша, жаңа iPhone 8 қоршаусыз дисплейге ие болмақ.

Гаджеттің артқы камераларының орналасу тәртібі де өзгереді. Бұған дейін қос камера көлденең орналасса, жаңа iPhone 8-де олар бірінің астына екіншісі қойылған. Бұл VR-контентті жазу үшін ыңғайлы.

Айта кетейік, Apple корпорациясы өзінің жаңа өнімдеріне жыл сайын қыркүйек айында презентация жасайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары