$ 448.89  477.93  4.76

Президент Н.Назарбаевтың қызы ҚР ҰҒА академигі атанды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі атанды. Дәл осындай ғылыми атақ ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинге де беріліп отыр. Бұл туралы ғылым академиясының сайтында айтылған.

Жарияланған осы материалға сәйкес, академияның жаңа мүшелерін 1 маусымда өткен ҚР ҰҒА-ның Жалпы жиынының сессиясында сайлап алған. Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесінің академигі атанса, Марат Тәжин әлеуметтану саласының академигі атағына ие болды.

Сонымен қатар, экс-мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі де "шығыстану" ғылымының академигі атанды. Жалпы, ғылымдағы ең жоғары осынау атақ барлығы 69 адамға берілген. Олардың қатарында медицина, әдебиет, тарих және математика салаларына елеулі үлес қосқан ғалымдар бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары