$ 498.34  519.72  4.85

Білім және ғылым – табысты болашақтың негізі

Бүгін Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының бастамасымен, әлеуметтік мекемелердің түлектерін бейімдеу және қолдау орталығы «Жастар үйі» мемлекеттік мекемесінің бастауыш партия ұйымында, партияның «Жастар – Отанға!» жобасы аясында, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде, «Білім және ғылым – табысты болашақтың негізі» тақырыбында семинар өтті. 

Мақсаты – тәрбиеленуші жастардың білім мен ғылымға деген қызығушылықтарын ояту, рухын көтеру, өмірге деген көзқарастары мен дүниетанымын қалыптастыру. 

Семинарды мекеме директоры, бастауыш партия ұйымының төрайымы Ләззат Шайкенова ашып беріп, ғылым мен техниканың қарқынды дамыған тұсында білім мен ғылымның жастардың болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, мекеме ұжымы мен тәрбиеленушілерді арнайы шақырылған қонақтармен таныстырып өтті. 

Семинарға «Болашақ» қауымдастығының жоба бойынша менеджері Нұрсұлтан Арыстанбаев және Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Альтернативтік полимерлік материалдар» зертханасының меңгерушісі Диас Тастанбеков қатысып, өздерінің ғылым жолына қалай келгендіктері, қол жеткізген жітістіктері, ғылыми зерттеулерімен жобалары жөнінде жастармен сыр бөлісті. Аға буын жастарға білім мен ғылымның адам өміріндегі маңызды элементтер екенін жеткізді. Ғылымның қоғамдағы рөлін айқындап, табысты болашақтың негізі білім мен ғылымда екендігіне түсінік берді. 

Тартымды өткен семинар тәрбиеленуші жастардың рухын көтеріп, жігерлендірді. Олардың білім мен ғылымға бет бұрып, табысты болашаққа ұмтылыс жасауынаөз септігін тигізді. Мақсатты өмір сүргісі келетін жастар адамды сақтайтын байыпты білім екендігіне көз жеткізді. Жастар білімін шыңдау үшін де, кертартпа ойлардан арылып, таптаурын түсініктерін өзгертіп, рухани жаңғыру үшін де, еліміздің өркендеуіне табысты үлес қосу үшін дене істеу керектігіне ойлы тұжырым жасауына мүмкіндік алды.

Айта кетейік, аталған шараның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтуі бекер емес. Өйткені, аталған мақалада Елбасы Қазақстанның дамуы білімді, дарынды жастардың қолында екенін тағы да атап өтті. Сондай-ақ, қоғамдық сананың жаңғыруы үшін осы жас азаматтар ең алдымен рухани серпілісті бастан кешіру керектігін де айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары