$ 498.34  519.72  4.85

Астанада оқушылар мен студенттерге сабақ болмайды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептері мен колледждерінде сабақ болмайды деп мәлімдейді елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескерту туралы хабарлады.

«Ауа райының колайсыздығына байланысты (желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді) қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждерінің 1-2 курс студенттері үшін сабақ өткізілмейді», - деп жазылған Астана қаласы Білім басқармасы таратқан хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары