Білім & Ғылым 08.02.2018 сағат 10:21

Австралия жағалауынан ғылымға белгісіз құбыжық табылды

Квинсленд штатының (Австралия) тұрғыны Шерри Симмонс серуендеп жүріп жағажайда жатқан беймәлім құбыжықты тауып алды деп жазады The Daily Star.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алғашында ол жерде жатқан құбыжықты жансыз ағаштың бір бөлшегі деп ойлап, жақындай келе оның тірі жәндік екендігіне көз жеткізген. Содан таяқпен түртсе ол жұмсақ әрі көзі жоқ мақұлық болып шығыпты.

Осындай жағдаймен айналысатын «Теңіз әлемі» қоры мамандарының айтуынша, бұл теңіз сиыры екен. Алайда, өзге сарапшылар олардың бұл болжамымен келіспей, құбыжық акуланың бауыры деген болжамдарын алға тартып отыр.

Жергілікті полицейлер болса белгісіз құбыжықты Симмодстың түсірген суретінен кейін ғана іздестіруге шыққан. Бірақ, олар оны таба алмапты. Болжамдары бойынша қорқынышты мақұлықты су шайып кеткен болуы мүмкін.

Айта кетейік, осындай жағдай Квинсленд штатында алғаш рет болып отқан жоқ. Өткен жылдың желтоқсан айында да тағы бір үрей туғызатын құбыжық табылған еді. Мамандар оны күңгірт түске бөленген өлі акула деп болжаған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар