Қазақстанда "Болашақ" бағдарламасымен оқу бітірген шамамен 150 түлек жұмыс іздеуде, деп хабарлады "Болашақ" қауымдастығының атқарушы директоры Ермек Мақашев.
Бұл туралы ол Астанада сейсенбіде баспасөз мәслихатында айтты.
"Бәйтерек" ұлттық холдингісінің басқарушысы- "Болашақ" қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қуандық Бішімбаевтың айтуынша, қазір Қазақстанда аталмыш бағдарлама бойынша оқып келген 8 мың түлек жұмыс істеп жатыр.
"Бүгінде түлектердің 47% жеке компанияларда, оның ішінде халықаралық компанияларда - 13%. ұлттық компаниялдарда - тек 2% жұмыс жасап жұр. Қалған 53% бюджет саласы мен мемлекеттік қызметте", деді ол баспасөз мәслихатында.