Қазақстандық ғалымдар мен өнертапқыштар шетелдік инвесторларға 50 жаңа инновациялық жоба ұсынды, деп жазады 24.kz.
Көрмеге қойылған жұмыстардың барлығы халықаралық стандарттарға сай жасалған. Ғылыми басқосуда еліміздің 5 инновациялық компаниясы ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы келісім мен меморандумға қол қойды. Бұл шаралар ғылым саласында әсіресе, технологияларды дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жолашпақ. Сондай-ақ технологияларды қаржыландыру мақсатында «Ғылыми портал» құрылды. Осы арқылы болашақта қазақстандық өнертапқыштардың жұмыстарын коммерциялық айналымға енгізу жоспарланған.
«3D принтер арқылы түрлі мүсіндер жасауға болады. Адамның көшірмесінен бастап, кәдесыйлар мен эксклюзивті дүниелерді басып шығаруға мүмкіндігіміз бар. Мұндай принтер шетелдерде жақсы дамыған. Ал біздің жобаларды қолдайтын әсіресе, қаржыландыратын инвесторлар қажет, - дейді кәсіпкер, Рүстем Сүндетов.