$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО түлегі ҰБТ-дан бірде-бір балл жинай алмады

Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестің қорытындысы шығарылды. Биыл аймақ бойынша орташа балл 80,5 құрап отыр, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,4 балға жоғары, деп жазады Baq.kz парталы.

Тестілеу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан республикада 8 орыннан 6 орынға көтерілді.

«Ең жоғары балды – 124 – Зайсан ауданының үш түлегі жинады. Олар Балжан Әбдірахманова, Арайлым Атысбекова және Әли Бадығанов. Өскемен, Семей, Риддер мен Тарбағатай ауданының бірнеше түлегі 123 балл алды. Сынақтан өте алмай, екі алған оқушылар саны биыл 79 адамға азайып отыр. Енді олар қосымша дәстүрлі емтихан тапсырады. ҰБТ-ға қатысқандардың 18 пайызы немесе әрбір бесінші түлек 50 балдық шекті деңгейден өте алмады», — деп мәлім етті ШҚО білім басқармасының басшысы Асқар Нұрғазиев.

Биылғы жылы Шығыс Қазақстанда ҰБТ кезінде аудиториядан бірде-бір оқушы қуылмаған. Алайда Семей қаласында бір түлек сынақтан бірде-бір балл жинай алмады. Айта кетсек, мұндай жағдай елімізде алғаш рет тіркеліп отыр.

«Бұл барып тұрған сорақылық. Оқушының ата-анасы баласына ҰБТ-дан жақсы балл алуға көмектесуге уәде еткен алаяқтарға сеніп қалады. Сөйтіп емтихан кезінде олар әлгі түлектің кітапшасын алып кетіп, қайтармай қойған. Қазір бұл іспен құқық қорғау органдары айналысып жатыр», — деп толықтырды Асқар Нұрғазиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ШҚО #ҰБТ 2015