11.06.2015, 18:00

Грантта оқығандар оқу ақысын төлейтін болды

www.nanonewsnet.ru

Грантта оқитын қазақстандық студенттерді оқу ақысын үш жыл жұмыс істеп, өтеуді міндеттейтін болады. Әзірге бұл өзгеріс педагогика және медицина мамандықтарына қатысты қолданылатын болады деп хабарлайды КТК теларнасы.

Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің айтуынша, мұндай қадам елдегі білікті мамандар тапшылығын жоюға көмектесіп, жұмыс орындарын беретін көрінеді.

Қазіргі уақытта аталған ведомство қазақстандық еңбек нарығында қай мамандық бойынша адам жетпей жатқаны туралы деректерді топтастырып, зерттеп жатыр екен.