$ 442.05  474.14  4.74

Медуниверситет студенттеріне сертификат сатқандар табылды – Астана қаласы ІІД

Полиция Астана медицина университетінің студенттеріне жалған IELTS сертификатын сатқан алаяқтарды тапты. Күдіктілер екі адам. Олардың бірі оқу орнында жұмыс істеуі мүмкін. Алаяқтық анықталғаннан кейін бүгінгі күні университеттің үш қызметкер жұмыстан шығарылды. Олардың ішінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы да бар деп мәлімдейді КТК телеарнасы.

«Астана» медицина университетіндегі жалған IELTS сертификаты туралы дауда жаңа мәлімет белгілі болды. Университет әкімшілігі баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Алайда, олар бұған дейін журналистермен байланыс орнатқысы келмеген болатын. Сұрақтардың қысымымен, үш қызметкердің жұмыстан қуылғаны, сондай-ақ олардың екеуінің жоғары лауазымды қызметте болғаны мәлім болды.

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканымен келісімшартты дереу тоқтататынымызды айтқым келеді. Бұл күзде болды. Декан орынбасары және бір бас маман өз еркімен кетті»,-дейді «Астана» медицина университетінің ректоры Мажит Шайдаров.

Оқудан шығарылған 117 студенттің 82-сі резедентурада оқыса, қалғаны бірінші курс студенттері. Егер оқудан шығарылған студенттер сотта кінәсіз екендерін дәлелдей алмаса, онда олар оқу үшін жұмсалған шығындарды өтеуге, сондай-ақ мемлекет төлеген жалақыларды қайтаруға міндетті. Ал әзірше полиция қызметкерлері жалған сертификат жасау мен сатуға қатысы болуы мүмкін деген адамдармен жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Алдын ала тергеу жүргізілуде. 80-нен астам іс тергеуде жатыр. Қазіргі уақытта екі күдікті белгілі болды. Оларға қатысты алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Қысқа мерзімде рәсімдік шешім қабылданады. Бұл іс ІІБ басшылығының бақылауында»,-дейді Астана қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Софья Кылышбекова.

Айта кетейік, күдіктілердің бірі медицина университетінің қызметкері немесе қызметкері болған деген күмән бар. Алайда, полиция бұл ақпарат туралы ештеңе айтпады.

Бүгінде медициналық университеттің лицензиясы 6 айға уақытша тоқтатылған. Осы аралықта білім ошағы бүкіл заңға қайшы әрекеттерін жөнге келтіру керек. Ал оқудан қуылғандар университетке қайтадан құжат тапсыра алғанымен, олар үшін мемлекеттік грант көзден бұлбұл ұшты. Қазіргі уақытта солардың 18-і адвокат жалдап, сот арқылы грантын қалпына келтіруге тырысып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары