Бүгін Алматыда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ұйымдастырумен және Алматы қаласы әкімдігі мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қолдауымен өткен жоғары оқу орындарының «Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» атты республикалық форумында білім саласындағы жемқорлыққа қарсы іс – қимылдың барынша актуальды мәселелері талқыланды.
Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев өзінің сөзінде елімізде жемқорлық деңгейінің төмендеуіне қарамастан, білім жүйесінде жемқорлық қаупінің айтарлықтай белең алғандығын айтты. Білім және ғылым гранттарын бөлу, бюджет қаржысын игеру, басшы құрамды іріктеу, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің категориясы мен жүктемесін анықтау мәселелері ашық жүргізілмейді, жемқорлық қаупін анықтау жүйесі мен сараптама жасау жоқтың қасы, жемқорлыққа жол берген қызметкерлері үшін басшылар жеке жауапкершілікке тартылмайды.
«Бүгінгі күні еліміздің түбегейлі жаңаруы жағдайында адами капиталды дамыту міндеті алдыңғы орынға шығуда, өйткені ол Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына енуінде маңызды шарт болып табылды. Мемлекет басшысының қолдауы арқасында соңғы 15 жыл ішінде білім саласына жұмсалған қаржы 10 есе артты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халықаралық білім кеңістігіне батыл ене түсті. Дегенмен, білім саласы жемқорлық қаупінің белең алуына тым бейім. Біз жемқорлықты жою шаралары көпшіліктің, соның ішінде білім саласындағы адамдардың қолдауына ие болады деген сенімдеміз», - деді ол.
Өз кезегінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек мемлекеттік органдардың ашықтығы, есеп беруі, тазалығы барысында және олардың азаматтық қоғаммен белсенді ынтымақтастығы жағдайында ғана жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігі артатынын атап өтті.
«Қазіргі кезде елемізде жемқорлыққа қарсы іс- қимылдың барлық құқықтық құралдары жасалған. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілген, «Жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы», «Қоғамдық кеңес туралы», «Ақпараттың қолжетімділігі туралы» маңызды заңдар қабылданған. Біздің ортақ міндетіміз – жемқорлықты мүлдем қабылдамайтын ашық ойлауды, құқықтық және қаржылық мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық жемқорлықты жою. Мемлекеттік органдарға келген әрбір жан кейде келеңсіздікке тап болады. Мұндай жайсыз жағдай білім, денсаулық сақтау мекемелері немесе құқық қорғау органдарында кездесуі мүмкін. Сондықтан биыл әкімдіктің барынша актуальды 10 қызметі «paper-free» қағидасы бойынша электронды форматқа көшіріледі», деді Бауыржан Байбек.
Ол өзінің сөзінде бала бақша, мектеп және тұрғын үй кезегін электронды жүйеге көшіру азаматтардың мемлекеттік органдар жұмысын бақылауға, осы мәселелерде қызметті асыра пайдалануға жол бермейтіндігін атап өтті. Мегаполис басшысы Алматыда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша «қағазсыз ауруханалар» жүйесіне толық көшудің жоспарланғанын айтты.
Айта кетерлігі, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және жеделдету мақсатында өткен жылы әкімдіктің «Open Almaty» қоағмдық қабылдауы жұмыс істей бастады, құқықтық қызмет көрсету Орталығы ашылды, құрылысқа рұқсат алу мен коммуналды жүйеге қосылу процесстері электронды форматқа көшірілді.
«Көлеңкелі» экономикамен күрес аясында қоғамдық көлік пен көше тұрақтарында ақысыз төлем енгізілді. «ОҢАЙ!» жүйесінің енуі барысында саладан көлеңкелі табыстың 50% шеттетілді. Ақылы тұрақтардың тиімділігі артты, бюджет түсімі 5 есеге көбейді.
Жергілікті полиция қызметі бойынша биылғы жылы құжаттарды электронды түрде рәсімдеу үшін планшеттермен және принтерлермен 100% қамту жоспарланған.
Дәл осы күні Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев білім саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың еліміздегі алғашқы «Саналы ұрпақ» атты офистік жобасымен танысты.
Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-нің базасында ашылған офис жемқорлыққа қарсы іс- қимыл бойынша арнайы әдістемелер мен бағдарламалар шығаруды жоспарлаған. Бұлардан өзге, қазіргі кезде жоо-ның, колледждер мен мектептердің рейтингін анықтайтын, сонымен қатар академиялық шынайылығын белгілейтін, benchmark жүйелер қолға алынудак, оқу орнының әр типі үшін жемқорлыққа қарсы механизмдер енгізілуде. Оқу орнының әр категориясы үшін оқытушылар қызметін бағалайтын жүйе жасалуда.