Білім & Ғылым   13.06.2018   сағат   10:54     1389

Қазақ Ұлттық өнер консерваториясының ректоры ауысты

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық өнер консерваториясына жаңа ректор тағайындалды. Елбасының бұйрығымен, Арман Жүдебаев өнер ордасын басқаратын болады деп хабарлайды Ақорда. 

Қазақ Ұлттық өнер консерваториясының ректоры ауысты

“Мемлекет басшысының бұйрығымен Арман Әділханұлы Жүдебаев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық өнер консерваториясының ректоры болып тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Арман Жүдебаев бұған дейін аталған оқу орнында сабақ берген. 2012 жылы аға оқытушы дәрежесін иеленген ол әр жылдары Түркия, Австрия, Германия мен Қытай сахналарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ, ол 2013 жылдан бері Құрманғазы атындағы ұлттық музыкалық аспаптар Қазақ мемлекеттік академиялық окестрінің бас дирижері.

Бұдан өзге, 31 жастағы жаңа ректордың отбасылы екені белгілі. Музыканттың жары мен бір баласы бар.

Айта кетейік, бұған дейін оқу орнын 21 жыл басқарған Жәния Әубәкірованың қызметтен қуылған еді.

Дереккөз: Stan.kz

 

Соңғы жаңалықтар