Алматыға жақында қосылған Наурызбай ауданында 1200 орынды жаңа мемлекеттік мектеп ашылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мұнда ерекше білімді қажет ететін балалардың терең әрі сапалы дәріс алулары үшін барлық жағдайлар жасалған. Қала әкімі Бауыржан Байбек таяуда ғана пайдалануға берілген 1200 орынды мектептің оқушыларымен және олардың ата- аналарымен кездесті.
Жаңа оқу орнында робот техникалары кабинеттері, физика мен химияның арнайы сыныптары, ата – аналардың қонақ бөлмелері, ойын алаңдары және басқалары бар. Мұнда сейсмикалық қауіпсіздікке ерекше мән берілген, сондықтан барлық жабдықтар мен мектеп жиһаздары қабырғаларға мықтап бекітілген.
Мектеп ғимараты тактильді жолмен, соқыр және арнайы шырақтардың өзімен әрең көретін балалар үшін Брайльдің рельефті- нүктелі шрифтері арқылы дәріс беретін сыныптармен, арнайы санитарлық бөлмелермен және шақыру нүктелерімен толық қамтамасыз етілген.
Бүгін 240 мыңнан астам алматылық оқушылар үшін алғашқы қоңырау соғылды, олардың 25 мыңы - бірінші сыныптықтар. Дәл осы күні Алматыда 2300 орынды тағы жаңа төрт мектеп есіктерін айқара ашты.
Еске салсақ, Алматыда биылғы жылы білім ошақтарын салу мен күрделі жөндеуден өткізуге 17 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.
1840 орынды 9 мемлекеттік бала бақша құрылысы жүруде.Жаңа оқу жылында 840 орынды тағы 4 мемлекеттік бала бақшаның құрылысы басталады.
№26 мектептің ескі ғимараты жаңарды. 90 орынды коррекциялық бала бақша ашылды. Алатау ауданындағы №151 мектеп жанынан салынған 600 орынды қосалқы нысан пайдалануға берілді.Оқу жылының екінші тоқсанының басында мұнда 600 орынды мектеп пен №184, 185 мектептер жанынан әрқайсысы 400 орынды қосалқы нысандар ашылатын болады.
Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында Алматыда таяудағы үш жыл ішінде 37 жатақхана салынады.Қазірдің өзінде 4 мың орынды 7 жатақхана құрылыстары басталды. Олардың төртеуі биылғы жылы пайдалануға беріледі.