26.08.2015, 10:14

ҰБТ онлайн режимінде өтуі мүмкін

www.namys.kz

Қазақстанда ҰБТ-ны онлайн режимінде тапсыру енгізілуі мүмкін. Мұндай пікірді бүгін Астанада ОКҚ кезінде Білім және ғылым министрлігінің басшысы ұлттық бірыңғай тесттерін тапсырудың жаңа жолдарын талқылау кезінде айтты.

«ҰБТ өткізуде сапасы жағынан биыл жаман жұмыс істеген жоқпыз. Бұл жұмысты осы жылы да, келесі жылы да жалғастырамыз. Ал бағалаудың жаңа жүйесіне келсек, біз түрлі жолдарды қарастырамыз, оның ішінде ҰБТ-ны онлайн түрде тапсыруды да қарап отырмыз. Кеше тамыз кеңесінде бақылау жөніндегі комитеттің ҰБТ бойынша жеке емтихандар мен негізгі білім болуы үшін жасап жатқан ұсынысын қарадық. Бұл жұмысты биыл жалғастырамыз», - деді министр Аслан Сәрінжіпов.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің басшысы алдағы оқу жылының соңында ҰБТ форматының сақталатынын атап өтті. "Әкімшілік басқаруды пысықтаймыз, алайда тест режимінде сынама мектептерінде осы жолдарды сынауды бастаймыз", - деді ол.

Ал баспасөз мәслихатының үзілісінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Бақылау жөніндегі комитетінің төрағасы ҰБТ-ны онлайн режимде тапсырудың мән-жайын айтып берді. 

«Негізгі компьютерлік тестілеу тапсырмаларын жасап жатырмыз. Оған жаңа стандарттарға сай функциялық сауаттылыққа арналған жаңа сұрақтар кіреді. Сәйкесінше, қағаз нұсқасынан ауысуымыз керек. Бастапқы кезде компьютерлік, ал кейін онлайн режимдегісіне өтуіміз керек. Меніңше, келесі жылдан бастаймыз», - деп түсіндірді Саят Нүсіпов. Оның айтуынша, түлектер емтиханға келіп, тестті компьютер арқылы тапсырады.

Tengrinews.kz 

 
Тегтер: ҰБТ онлайын