$ 447.4  477.55  4.76

Өлке тарихына бойлады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын басшылыққа алған Жезқазған қалалық №13 жалпы білім беретін орта мектептің 5 «Ж» және 5 «Д» сынып жетекшілері оқушылар үшін арнайы «Өлкетану» курсын өткізеді.

Өлке тарихын танудың бірден-бір жолы – музейлерге саяхат. Осы курс аясында мектепішілік тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 5 «Д» сынып оқушылары Жезқазған тарихи-археологиялық музейіне саяхатқа барды. Курстың негізігі мақсаты – оқушыларға өлке тарихының маңызды кезеңдері туралы ақпарат бере отырып, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.Сонымен қатар, жеткіншектердің ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау да курсты жүргізудегі басты міндеттерді бірі.

Өлке тарихының қатпар-қатпар тарихының сақтаушысы саталатын Жезқазған тарихи-археологиялық музейіне барлығы 26 оқушы барды. Серуенді тарихи жәдігерлер залынан бастаған балалар таң-тамаша болды. Өйткені, өлке тарихы, мәдениеті, ғасырларға бойлаған табиғи байлықтары мен археологиялық қазба барысында табылған жәдігерлері, ел басына күн туғанда қорған болған батырлары мен қайраткер ұл-қыздары туралы бай материалдар Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің экспозициясынан көрініс тапқан. Музейдің этнографиялық-танымдық жобаларында ұмыт болып бара жатқан дәстүрлер, қолөнер жаңғыртылып халыққа көрсетіледі. Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің қоры бір ғасырлық тарихында өз өлкесінің тарихына бейжай қарамайтын адамдардың тарту еткен бірегей жәдігерлерімен үнемі толығып отырды. Бұл үрдіс бүгінгі күнге дейін де толастаған емес.

Музей заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.

Тарихқа терең бойлаған оқушыларға танымал қоғам қайраткерлері мен өлке тарихын зерттеп, зерделеуші тұлғалар хақында мол ақпарат берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары