Білім & Ғылым 28.03.2019 сағат 15:48  283

Қарағанды оқушылары «RoboLand – 2019» халықаралық фестивалінде үздіктер қатарынан көрінді

Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушылар арасында RoboLand – 2019 фестивалі өтті. Шараға Қазақстанмен қатар Ресей, Өзбекстан және Италиядан келген 300-ден астам команда қатысты. Олар 14 санат бойынша өзара бақ таластырады.

Қарағанды оқушылары «RoboLand  –  2019» халықаралық фестивалінде үздіктер қатарынан көрінді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Фестиваль осымен 5-мәрте ұйымдастырылып отыр.  RoboLand халықаралық фестивалінде оқушылар екі күнге жалғасты. Осы уақыт аралығында олар аквапоника, жа­санды ой-өріс, интернет заттары секілді күрделі санаттарды енгізді.

Шараның мақсаты – балалардың ғылыми-техни­калық шығармашылығын насихаттау, инновациялық қызметтерді дамыту, білім робототехникасы саласында тәжірибемен бөлісу, үздік робототехникалық коман­даны анықтау.

Биыл RoboLand басқаша форматта өтті. Қатысушылар «Шығармашылық. Қуат. Жаңа маз­мұн. Барлығы – беске!» деген ұран ұстанды

Фестивальге Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Асхат Аймағамбетов қатысты. Ұйымдастырушы комитет жарыстар үшін ең қызықты 14 санатты таңдап алды. Ең мықты командалар шеберлігін көрсетті. Ол үшін іріктеу кезеңдері өт­кізілді. Тек Қарағанды облысының қала­лары мен аудандарынан жарысқа мыңға жуық балалар мен жасөспірім қатысты. Жеңімпаздар RoboLand-қа жолдамалар алды.

2018 жылы қарағандылық оқушылар Қазақстан атынан алғаш рет Азия –Ты­нық мұхит өңірлерінің RoboCup халық­аралық жарыстарына қатысты. Дубайда (БАӘ) өткен турнирда қарағандылық команда қола жүлдені жеңіп алды. Алдағы сәуірде қара­ғандылықтар АҚШ-та өтетін робототехника бойынша әлемдік біріншілік – VEX Competition өнер көрсетеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар