Ғалымдар адамның ойын оқи алатын миға қойылатын имплант жасап шығарды. ВВС басылымының жазуынша, ол құрылғы ойды оқып қана қоймай, оны сөзге айналдыра да алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мұндай технологияны Сан-Францискодағы Калифорния университетінің ғалымдары құрастырған.
«Nature басылымында жарияланған мақалада ғалымдар бұл құрылғы сөйлей алмайтын адамдарға көмектесе алатынын айтқан», -деп жазады басылым.
Автордың айтуынша, технология екі сатыда жұмыс істейді.
«Әрине, адам ойын жазып алып, аудио нұсқада айтатын кезде кемшіліктер байқалады. Дегенмен, бұл ғылым үшін үлкен прогресс»,- дейді ғалымдар.