28.05.2019, 10:17

Ғалымдар адамның туған уақыты өмір сүру ұзақтығына әсер етеді деп мәлім етті

фото: news-fancy.com
Зерттеулерге сүйенсек, көктем мезгілінде дүние есігін ашқандардың, өкінішке қарай, ғұмыры салыстырмалы түрде қысқа болатын көрінеді.

Американдық зерттеушілер адамның туған айы оның өмірінің ұзақтығы мен денсаулығына әсер етеді, деп хабарлайды news-fancy.com. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, күз айларында дүниеге келгендердің дені көп жасайды екен. Ал, көктем мезгілінде дүние есігін ашқандардың, өкінішке қарай, ғұмыры салыстырмалы түрде қысқа болатын көрінеді.

Қыста туғандар шизофренияға бейім келеді. Аллергияға жиі шалдығады. 

Сонымен қатар, американдық мамандардың есебінше, жыл басында дүниеге келген балалардың сабақ үлгерімі жақсы. 

Оқымыстылар өз зерттеулерін болжамдардан гөрі адамның туған уақытымен байланыстыра отырып жүргізгендерін жеткізді.  

Осыған дейін Правда.Ру сайты хабарлағандай, көп өмір сүрудің құпиясы... бас көлемінің үлкендігінде болса керек. Рас, ғалымдар бұл тәжірибені әзірге жануарларға жүргізіп көрген.

Мәселен, бас сүйегі ірі бұғылар өзгелеріне қарағанда ұзақ өмір сүреді екен.