Білім & Ғылым 24.05.2019 сағат 13:00  103

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған орталық ашылды

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жылына 100 балаға дейін емдік шаралар жасайды. №14 жалпы орта мектептің ғимаратында ашылып отырған түзету кабинетінде дефектолог, психолог, логопед, сурдо-педагог, тифло-педагог сынды мамандар қызмет көрсетеді. Дамуында ауытқушылығы бар балалар бұл жерде күніне екі сағат жеке оңалту бағдарламасынан өтеді.
Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған орталық ашылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Демеушілердің көмегімен жабдықталған кабинеттің ашылуына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, орталықтың жұмысымен танысты. Сонымен қатар шаһар басшысы игі істің жаршысы болған «Дара» қорына, «AZALA Group» кәсіпорны мен «Қор» мұнай компаниясына алғысын білдірді.

Бұдан бөлек әкім №19 орта мектептің психологиялық түзету кабинетінің жұмысымен танысты. 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келетін бұл кабинет «Әрбір бала мектепке лайық» жобасы аясында «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен ашылған.

Айта кетейік, Шымкент қаласында он мыңға жуық ерекше білім беруді қажет ететін балдырған бар.

«SN.kz»-ақпарат.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар