«Терминал арқылы қаржыландыру — бұл жемқорлықты жоюдың бірден-бір жолы» деген №80 мектеп директоры білім ұялары сәл де болса қалталы азаматтардың көмегіне мұқтаж екендігін мойындады. Айтуынша, ұстаздардың құрал-жабдығына мемлекеттен қаржы бөлінбейді. Сондықтан осындай амалға жүгінуден басқа жол жоқ екен.
«Терминал әлі қойылып үлгермегенімен, оған қаржы салғысы келетіндер қазірден табылып жатыр. Олардың дені – ата-аналар. Ешкімді мәжбүрлемейміз» деген басшы түскен ақшаны мұғалімдер мұқтажына ғана емес, оқушылардың өзіне де жұмсамақ.
Ағымдағы оқу жылында №80 мектепке бюджеттен 2 миллион теңге қаржы бөлінген. Сәуле Қалыбекова берілген ақшаның мектептің жөндеу жұмыстарына жіберілгенін жеткізді. Әйткенмен бюджеттен қаржы бөлінгенімен, білім ұясын күтіп ұстау ата-ананың көмегінсіз болмайтын көрінеді. «Ал терминалға түскен қаржының есебі ресми жүргізіліп, ашық көрсетіліп отырады» дейді ол.
«SN.kz»-ақпарат.