05.06.2019, 20:05

Шымкент қаласының білім басқармасы 1-сыныпқа балаларды қабылдау тәртібін түсіндірді

Шымкент қаласының білім басқармасы барша ата-аналар үшін шаһар аумағындағы барлық жалпы білім беретін ұйымдар 1 маусым мен 30 тамыз аралығында 1-сыныпқа балаларды қабылдайтындығын хабарлады.

Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:

1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш (еркін түрде);

2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

5) 3x4 көлеміндегі фото – екі дана

«SN.kz»-ақпарат.