$ 449.58  486.94  4.86

Шымкентте «SÓILE: SEN TUR - MEN AITAIYN» конференциясы өтеді

Ағымдағы жылдың 5 шілдесі күні сағат 11:00-де Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығында TED-х форматындағы «Sóıle: Sen tur - men aıtaıyn» конференциясы өтеді.

Конференцияның басты мақсаты: қала жастарының белсенділігін, олардың білім сапасын арттыру. Өз ойын ашық әрі жетік жеткізе алатын аудиторияны даярлау. Конференция модераторы: Шымкент қаласындағы TED-x конференциясының лицензианты - Айжан Ергешова.

Спикерлер қатарында «Болашақ» бағдарламасының түлегі Ерасыл Төлебаев, Шымкент қаласы бойынша соттар әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілес, «Kzhol Shymkent» оңалту орталығы басшысының орынбасары Айгерім Жұмағалиева, Жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрдәулет Тәңірберген, Әйелдерге арналған «Ажыраспа» блогының авторы Айна Досқызы және т.б. спикерлер бар.

Қатысушы спикерлер әртүрлі тақырыпта өз ойларымен бөлісетін болады. Әр спикерге 18 минут уақыт беріледі. Айта кететін тағы бір жАйт, 2019 жылдың күз мезгілінде қаламызда алғаш рет TEDxOrdabasySquare өту жоспарлануда. Осыған орай, «Sóıle: Sen tur - men aıtaıyn» конференциясының оза шапқан спикері TEDxOrdabasySquare шарасына жолдама алады.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары