$ 444.32  473.33  4.76

Шымкенттік оқушылар «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясы бойынша Өскеменге сапарлап қайтты

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің шаңырақтар қауымдастығы арасындағы жарыста жолдаманы ұтып алған 12 оқушысы «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясы аясында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласына сапарлап қайтты.

Аталмыш экспедиция «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалдарының оқушылары арасында патриоттықты қалыптастыру және зерттеушілік дағдыларын терең дамыту мақсатында ұйымдастырылғанын айта кетейік. Өлкетанулық-зерттеу эскпедициясының бастамасында-ақ Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы мен оқушылары ерекше күтіп алулары, ерекше ықыластарымен сапардың қызықты да маңызды болатынын аңғартқандай.

Сапардың екінші күні Өскемен қаласында орналасқан машина саласының көшбасшысы атанып отырған «Азия-Авто» көлік құрастыру зауытының жұмысымен танысудан басталды. Оқушылар зауыт қызметкерлері жасайтын барлық жұмыстарының қыр-сырларымен танысты. Ерекше заманауи құралдармен жабдықталған әрбір сатылы жұмыстары ерекше әсер қалдырды. Ең ұнағаны, отандық машина индустриясының енді қалыптасып келе жатқандығын, болашаққа қойып отырған стратегиялық жоспарлары саланың дамып келе жатқандығында болды. Аталған өлкетанулық-зерттеу экспедициясы аясында шымкенттік оқушылар мен олардың ұстаздары түрлі мұражайлар мен өндіріс орындарымен танысты. Білімге құштар жасқа саяхаттың ұнағаны сөзсіз.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары