$ 443.85  474.3  4.8

Ақтөбеде талапкерлер тестілеуінде 616 телефон тәркіленді

Тамыздың 10-14 аралығындағы тестілеудің алғашқы үш күні бақылаушыларды таңқалдырды.

Ақтөбеде магистратура талапкерлерінің тестілеуіне қатысушылар мұқият тексерілді. Үш күнде 616 телефон тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Ақтөбе – адалық алаңы» жобалық кеңсесі магистратура тестілеуіне қатысты. Тамыздың 10-14 аралығындағы тестілеудің алғашқы үш күні бақылаушыларды таңқалдырды. 

«Тестілеу Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің базасында өтіп жатыр. Ашықтық пен әділдікті бақылаған «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері тестілеуді көріп, жағаларын ұстады. Үш күнде 616 телефон тәркіленді. Барлығы 29 талапкердің нәтижесі жойылды. Ал 572 адамның тек 32-і шекті балды жинады», - деп хабарлады «Ақтөбе – адалық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#талапкер