$ 443.85  474.3  4.8

Тоқаев білім алған мектеп жаңа оқу жылына дайын емес

Фотосуреттерге қарап, ғимараттың сыртын қаптау және ішкі өңдеу жұмыстары әлі басталмағанын көруге болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқыған Алматыдағы Ілияс Есенберлин атындағы №25 мектеп-гимназиясы жаңа оқу жылына дайын емес. Ғимаратта жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Sputnik-ке сілтеме жасап.

№25 мектеп-гимназиясының сайтында бірінші және мектепке дейінгі сыныптарға құжат №128 мектепте қабылданаты жазылған.

Мектептегі жөндеу жұмыстары осы жылдың ақпанында басталыпты. Ғимараттың жанына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр деп жазылған нысанның құжаты ілінген.

Сонымен бірге, мердігерлер ғимаратты сейсмикалық тұрғыдан нығайтуға ниетті. Жұмысты төртінші тоқсанда аяқтау жоспарланған. Алайда, фотосуреттерге қарап, ғимараттың сыртын қаптау және ішкі өңдеу жұмыстары әлі басталмағанын көруге болады.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы мектепті 1970 жылы тәмәмдаған. Президент бірнеше рет осы мектеп қабырғасында өткен жылдарын әртүрлі сұхбаттарында айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары