$ 494.87  520.65  4.91

Илон Маск Ай мен Марсқа 1 ай ұшатын ғарыш кемесін көрсетті

Ғарыш аппараты жүзге жуық адам мен 150 тонна жүк көтере алады, сондықтан Ай мен Марста қала салуға да мүмкіндік бар.

SpaceX компаниясының жетекшісі Илон Маск Ай мен Марсқа экипаж алып ұшатын Starship ғарыш кемесін таныстырды, деп хабарлайды azattyq.org.

 Кеме келесі айларда алғашқы сынақтан өткізіледі.

Масктың сөзіне қарағанда ғарыш кемесі көп рет ұшуға арналған. Әуелі 20 километрге жуық биікке көтеріледі, ғарышта бір ай жүріп жерге оралады.

Илон Масктың жоспары бойынша, 2025 жылы ғарыш кемесі Марсқа ұшып тәжірибе жасайды. Ғарыш аппараты жүзге жуық адам мен 150 тонна жүк көтере алады, сондықтан Ай мен Марста қала салуға да мүмкіндік бар. Мұндай ақпарат SpaceX компаниясының твиттерінде жарияланды.

Бұған дейін миллиардер, өнер коллекционері Юсаку Маэдзава осы ғарыш кемесінің алғашқы жолаушысы болатыны, ғарыш турисі ретінде Айды айналып шығатыны хабарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#экипаж #Марс