$ 443.85  474.3  4.8

Мереке қарсаңында «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Сондай – ақ, Дубайда 2020 жылдың наурыз айында өтетін, педагогтар үшін Нобель сыйлығының баламасы саналатын «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының іріктеу турына қатысу үшін өтінімдері жіберілетін тағы он педагогтың есімдері белгілі болды.

Мұғалімдер күні қарсаңында «Қазақстан» орталық концерт залында «Үздік педагог» Республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттауға арналған іс-шара өтті, онда 64 финалист марапатталды, деп жазады BAQ.KZ.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мұғалімдер және білім беру саласының ардагер-ұстаздары қатысты.

Өз кезегінде Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының құрылтайшысы Әлия Нұрсұлтанқызы «Әлем мұғалімі» сыйлығының іріктеу кезеңіне еліміздің атынан қатысатын 11 педагогтың есімдерін жариялады. Қазақстан педагогтарының жаһандық сыйлыққа қатысуы Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының – Халықаралық Варке қайырымдылық қоры («Varkey GEMS Foundation») құрылтайшысы болып табылатын Дүниежүзілік сыйлықтың Қазақстандағы ресми өкілінің қолдауымен мүмкін болып отыр.

Үздік кандидаттарды құрамына Білім және ғылым министрлігінің, ата-аналар қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім саласындағы тәуелсіз сарапшылар, филантроптар кіретін Тәуелсіз судьялар академиясы PricewaterhouseCoopers халықаралық аудиторлар командасының бақылауымен таңдады.

Нұр-Сұлтан қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Гул Муаммер «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық премиясының жеңімпазы, Даму қоры бекіткен 4 000 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтың иегері және «Жаһандық премияның Қазақстандағы амбассадоры» атанды.

Сондай – ақ, Дубайда 2020 жылдың наурыз айында өтетін, педагогтар үшін Нобель сыйлығының баламасы саналатын «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының іріктеу турына қатысу үшін өтінімдері жіберілетін тағы он педагогтың есімдері белгілі болды.

Толық ақпаратты байқаудың ресми сайтынан https://teacherprize.kz/

және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан біле аласыздар:

Instagram: https://www.instagram.com/teacherprize.kz/

Facebook: facebook.com/teacherprize.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мұғалім