07.10.2019, 20:56

Америкалық 3 ғалым медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары атанды

Фото: Азаттық
Олар Нобельді адам жасушасының ауа тапшылығына бейімделуін зерттегені үшін алды.

Америкалық ғалымдар Уильям Кэйлин, Грег Семенца және британиялық сэр Питер Рэдклифф медицина саласы бойынша Нобель сыйлығын алды, деп жазады Азаттық.

Олар Нобельді адам жасушасының ауа тапшылығына бейімделуін зерттегені үшін алды. Ғалымдардың бұл жаңалығы онкологиялық ауруларды емдеуге көмектеседі.

Онколог Уильям Кэйлин Джон Хопкинс атындағы университетте (АҚШ), Грег Семенца Гарвард университетінде, Питер Рэдклифф британиялық Оксфорд университетінде жұмыс істейді.

Тегтер: Америка