Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы музейінде Open Mind жобасы аясында жарыққа шыққан «Живая память» жинағы мен көрменің бас демеушісі Сорос-Қазақстан қоры «Адам құқықтары» бағдарламасы аясында жарыққа шыққан «Живая память» ұжымдық монографиясының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Sn.kz.
«Тарих», «Тарихи жад», «Өнер» деген үш бөлімнен тұратын жинақта авторлар 1930-1940 жылдардағы сталиндік репрессияның тарихи салдарын екшеп, жаңаша көзқараспен қоғам назарына ұсынады. Оксфорд университетінің профессоры, орыс мәдениеті тарихының жілігін шағып, майын ішкен маман Катриона Келли «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын» десе, түрлі этникалық топтарды зерттеп жүрген, зерделеп жүрген хас ғалымдардың диалогы бұл кітаптың құндылығын арттыра түскендей.
Соңғы бөлімде қазақ, өзбек халқы сияқты «негізгі халықтардың» және Польшадан депортацияланған аз санды этностардың, Өзбекстандағы орыс суретшілерінің тағдыры сөз болады.
Жинаққа тарих ғылымдарының докторы Жұлдызбек Абылхожин, Михаил Акулов - PhD, тарих ғылымдарының докторы Зәуреш Сақтағанова, зерттеуші, журналист Екатерина Кузнецова, жазушы Юрий Серебрянский, мәдениеттанушы Александра Цай, мәдениеттанушы, Савицкий атындағы мұражайдың 1984-2015жж. директоры Мариника Бабаназарова, мәдениеттанушы Гүлдана Сафарова және суретші, зерттеуші Әсел Қадырханованың еңбегі кірген.
Көрмеде С.Атабеков, Б.Бүбіханова, Р.Захаров, О.Карпов, Ә.Қадырханова, Р. Нүрекеев, А.Угай, З.Фалькова сынды суретшілердің жұмыстары қойылған.
Жоба авторы әрі көрме жетекшісі А.Цай бұл жердегі сыни көзқарас, ұжымдық естелік талай жылдар бойы қалыптасқан сеңді бұзып, өзінше саралап, бағасын беретіндігін айтады. Естеліктерге назар аударғанда мұндай жайттың енді қайталанбайтынына сеніммен қарау керек, дейді.
Айта кетейік, көрме 22 желтоқсанға дейін жалғасады.