Волгоград облысының Волжский қаласында №37 мектептің мұғалімі жұмысынан өз еркімен кетті. Ол сол мектептің 2 сынып оқушыларының аузына скотч жабыстырған. Мұғалімнің бұндай ерсі қадамға баруына оқушылардың шулауы себеп болған. Бұл туралы ТААС жергілікті білім басқармасына хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Жеке өтініш негізінде, 2 сынып мұғалімі 25 желтоқсан, сәрсенбіде өз еркімен жұмыстан босатылады», - дейді Волжский әкімшілігі білім бөлімі бастығының міндетін атқарушы Вера Гребенникова.
Оның сөзінше, 2 сынып оқушыларына бұдан былай басқа мұғалім сабақ береді. Педагогтың осы әрекетінен кейін мектепте мұғалімдердің кәсіби этикасын сақтау мәселесіне байланысты жиналыс өткізіліпті.
Гребенникова бұл жағдайдың әлі де білім басқармасы тарапынан бақылауда болатынын мәлімдеді.