11.06.2020, 11:40

COVID-19 вирусын 4 сағатта жоя алатын маска пайда болды

Фото: r.nikkei.com
Әлемде теңдесі жоқ ғылыми жаңалық ретінде танылып отырған бұл маска мыстан жасалған.

Жапонияның Гунма Университетінің ғалымдары COVID-19 вирусын 4 сағатта жоя алатын маска жасап шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жапонияның ғалымдары жергілікті Мейсей текстил (тігін) компаниясы мен бірлесіп COVID-19 вирусын 4 сағатта жоя алатын жаңа мыс талшықтарынан жасалған маскасын таныстырды.

Бұдан бұрынғы зерттеулерге (NIH) негізделгенде COVID-19 вирусы пластик бетінде 3 күн, мыстың бетінде 4 сағат өмір сүре алатынын білген бойда дереу мыс металынан маска жасауға кіріседі. Нәтижесінде жергілікті Мейсей (Meisei) тігін компаниясымен бірлесе отырып, аз уақыттың ішінде мыс талшықтарынан жіп артынша одан жұмсақ мата дайындап шығарған. Бұнда ғалымдар фотокаталитик спин әдісін қолданған. 

Бұл жаңалықты ІТ және Химия саласының білгір маманы, Жексен Тоқтарбай есімді facebook қолданушысы өз парақшасына түпнұсқадан аударып жариялады. Жазба авторының айтуынша, айтуға оңай болғанымен мыстан жіп дайындау оңай шаруа емес, оған үлкен ғылыми тәжірибе мен техника керек.