$ 443.85  474.3  4.8

Биылғы түлектер үшін оқуға түсудің ең төменгі балы қанша?

Тағы бір айта кетерлігі, ең жоғары талап қойылып отырған жекелеген мамандықтар да бар.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Оқуға – грантқа түсу үшін конкурсқа қатысуға болатын немесе ақылы бөлімге тапсыруға мүмкіндік беретін ҰБТ шекті балы белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы malim.kz-ке сілтеме жасап.

Жалпы, ҰБТ тапсыруға байланысты білім және ғылым министрлігі ұсынған биылғы нормаларда былтырғыдан аса айырмашылықтар жоқ. Пандемияға байланысты өткізілу ережелері болмаса, қалған тәртібі мен талаптары сол күйде қалып отыр. Дегенмен, оқға түсу үшін белгіленген шекті балға қатысты талап күшейе түсіпті.

«Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл, ал басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына кемінде 50 балл».

Тағы бір айта кетерлігі, ең жоғары талап қойылып отырған жекелеген мамандықтар да бар. Мәселен, педагогика мамандығы.

«Педагогикалық ғылымдар саласы бойынша кемінде 70 балл. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласы бойынша кемінде 65 балл қажет. «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария»  білім беру салалары бойынша кемінде 60 балл».

Былтыр педагогика мамандығының шекті балы 60 болған, биыл 10 балға көтерілген. Ал, министрліктің өзі «талап күшейтілді» деп астын сызып айтқан медициан саласының шекті балы былтыр да 65 болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҰБТ