Wi-Fi желісіне қосылу кез келген адам үшін қауіпті болуы мүмкін. Тіпті, оның паролі қаншалықты күрделі болса да, Wi-Fi желісіне қосылғанда, қауіпсіз болуына кепілдік жоқ. Бұл туралы "Цифровые платформы" автоном коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин "Прайм" агенттігіне берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
WI-FI тарататын роутер зиянлы бағдарламалар мен бағдарламаларды жүктей алады, ол сол арқылы өзінен өтетін барлық мазмұнды бақылай алады. Осылайша, хакерлер сайттарды, контентті, жеке деректерді, логиндер мен құпиясөздерді, жеке файлдарды ауыстыра алады.
Мысалы, интернеттегі парақшаны кез келген басқа сайтқа ауыстыруға болады. Пайдаланушы осындай сайтқа өз дербес деректерін енгізген сәтте оның жеке мәліметтері хакердің қолына түседі. Хакерлердің құрбаны болғаныңызды түсіну қиын. Өйткені, олардың бірінші міндеті - ізін жасыру, хакерлік шабуыл жасағанын ешкімге білдірмеу. Егерде БАҚ-нан хакерлердің шабуылдары туралы естісек, олардың ісі әшкере болғанын көрсетеді. Мәселен, сіздің жеке деректеріңіз басқа жерде қолданылған болса, онда деректеріңіз өзгенің қолына түсті деген сөз", - деді Щелцин.