$ 444.22  476.38  4.82

Білім министрлігі бірнеше мектеп директорын «тәубесіне келтірді»

Түркістан облысының орта мектеп директоры педагогке өзіне тән емес функцияларды жүктегендер сазайын тартып отыр.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Педагогтардың құқықтарын бұзған адамдарға қатысты қажетті шаралар қолға алынып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, бірнеше лауазым тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылған. 

Мәселен, Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданған.

Лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік істер қозғалды. Нұр-Сұлтан қаласындағы мектеп-гимназиясы директорының м.а.педагогтерден артық есеп беруді талап еткен және Түркістан облысының орта мектеп директоры педагогке өзіне тән емес функцияларды жүктегендер сазайын тартып отыр.

"Мұғалімдерге қосымша ақы мен еңбек демалысының ақысы уақтылы төленбегені үшін Шығыс Қазақстан облысында мектеп директоры және аудандық білім бөлімінің меңгерушісі және Мектеп жөндеуге қаражат жинау фактісі бойынша Павлодар қаласының мектеп директоры жауапкершілікке тартылды.

Педагогтердің құқықтары бұзылған жағдайда аумақтық департаментке хабарласқан жөн екендігін естеріңізге саламыз!", - делінген Білім министрлігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары