$ 494.87  520.65  4.91

Ел мектептерінде «Қазақ тілі» мен «Әдебиет», «Тарих» пен «География» пәндері біріктірілуі мүмкін

Бүгін ҚХА-ның XXIV сессиясына қатысып, елде болып жатқан жағдайларға қатысты сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев білім беру саласындағы реформаларға да ерекше тоқталып өтті. Оның айтуынша, мектептегі бірқатар пәнді біріктіру қажет деп жазады Baq.kz.

Елбасы сондай-ақ, халық арасында түсіндіру жұмыстарының дұрыстап жүргізілмегенін де айтты. 

«Халыққа ашық Үкіметті түсіндіру жұмыстары ақсап жатыр. Біз өндіретін, жасайтын істерді халыққа түсіндіру қажет. Барлығы бірдей кешке қарай теледидар алдында отырмайды. Оларға жұмыс істеу керек. Барлығы бірдей газет те оқымайды. Бізде «Нұр Отан» партиясы, Ассамблея, жергілікті атқарушы органдар бар. Олар ауылдарда, аудандарда мұның не үшін қабылданғанын түсіндіруі керек. Алдымен ҚР Білім және ғылым министрлігі аталған мәселелерді оқытушылармен талқылауы қажет. Менің ойымша, қазақ тілі мен әдебиетін бір пән жасауға, орыс тілі граматикасы мен әдебиетін, тарих пен географияны бір пән ретінде қосқан дұрыс», - дейді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, жуырда ҚР Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа оқу жылынан бастап мектептер 5 күндік оқыту жүйесіне көшетінін және жазғы демалыстың уақыты бір айға қысқаратынын айтқан болатын. Сондай-ақ, реформаға сәйкес, 2019 жылдан бастап бүкіл мектептер үштілді білім беру жүйесіне көшуі тиіс. Алайда, аталған реформалар халық арасында қолдау таппай, ата-аналар Елбасының атына қарсылық петициясын жазған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары