$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында дипломмен ауылға баратын жас мұғалімдер көбейген

Ақмола облысы білім басқармасының мәліметінше, жыл сайын өңірдің білім ордаларына жұмыс істеуге 900-ден астам маман келеді. Оның 400-ге жуығы – жастар.
фото: atr.kz
фото: atr.kz

Биылғы оқу жылы қарсаңында Ақмола облысының мектептері мен колледждеріне жұмыс істеуге 200-ге жуық жас маман келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат, облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы білім басқармасының мәліметінше, жыл сайын өңірдің білім ордаларына жұмыс істеуге 900-ден астам маман келеді. Оның 400-ге жуығы – жастар. Биылғы жылы жоғары білімді 128 мұғалім, орта техникалық және кәсіби білімі бар 77 маман жұмысқа қабылданып отыр. Басқарма басшысының орынбасары Валерий Гамазовтың сөзінше, өңірде жас мамандарды ауылға жұмысқа тарту үшін барлық жағдай жасалуда.

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша соңғы 3 жылдың ішінде ауылдық елді мекендердегі мұғалімдердің қатары көбейді. Облыс бойынша 800 маманға үй сатып алуы үшін несие берілді және 900 мұғалім үстемақы алды», - деп атап өтті Валерий Гамазов.

Айталық, биыл жылдың 1 маусымындағы деректер бойынша 32 несие беріліп, 119 маманға үстемақы төленген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары