$ 494.87  520.65  4.91

«Биыл оқушыларға әдеттегідей үй тапсырмасы берілмейді» - БҒМ

Тікелей эфирде өткен Тамыз кеңесінде үй тапсырмасынан бас тарту жайлы айтылмаған еді.

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі қашықтан оқыту кезінде оқушыларға үй тапсырмасы берілмейтінін айтты. Тікелей эфирде өткен Тамыз кеңесінде үй тапсырмасынан бас тарту жайлы айтылмаған еді. Бұл шешім туралы «Еуразия» бірінші арнасына берген сұхбатында министрліктің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова мәлімдеді.

«Мұғалім оқу тапсырмаларын жариялайды. Яғни, биыл әдеттегі үй тапсырмасы болмайды. Kundelik.kz платформасында бір оқу тапсырмасы орналастырылады», - деп түсіндірді Мелдебекова.

Еске салсақ, 25-28 тамыз аралығында Қазақстанда 2-11 сыныптар үшін қашықтан бірыңғай сабақтар өтеді. Оқушылар өткен материалды қайталайды.

Қазақстанда жаңа оқу жылы биыл алғаш рет қашықтан оқыту форматында басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары