$ 444.32  473.33  4.76

Аристотельдің моласы табылды

Грек археологы Константинос Сисманидис Солоники қаласында өтіп жатқан ғылыми конференция барысында әйгілі ғалым Аристотельдің моласын тапқандығын мәлімдеді. Бұл туралы The New York Times басылымы жазып отыр.

Ежелгі грек философының қабірі Халкидика түбегіндегі Стагир қаласынан табылыпты. Ежелгі Македония территориясындағы осынау елдімекеннің іргетасы біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда қаланған.

Археологтың мола деп отырғаны күмбезді ғимарат. Оның едені мәрмәрдан жасалған. Зиратқа барар жол қаланың орталық базарына баратын үлкен жолға жақын орналасқан екен. Ғимараттың қасында ғибадат ететін орын да бар. Ежелгі жазбаларда Аристотельдің моласы дәл осылай суреттелген дейді Сисманидис.

Археологтар сондай-ақ, қазба жүргізілген жерден керамикалық бұйымдар және Александр Македонскидің кезінде жасалған 50 дана монета тауып алды.

Айта кетейік, Аристотель біздің заманымызға дейінгі 384 жылы Стагир қаласында дүниеге келіп, 323 жылы қайтыс болған. Ежелгі Македонияның патшасы II Филипп әйгілі философты өзінің ұлы Александр Македонскиге ұстаз етіп қойған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары