Білім & Ғылым 14.12.2020 сағат 21:21

Әлия Назарбаева экологиялық мектептің құрылысы басталғанын мәлімдеді

Мектеп 2022 жылдың қыркүйегінде ашылады деп жоспарланған.
Әлия Назарбаева экологиялық мектептің құрылысы басталғанын мәлімдеді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанның тұңғыш президентінің кіші қызы Әлия Назарбаева Alem Eco School білім беру кешенінің құрылысы басталғанын хабарлады. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Alem Eco School – экология, мәдениет және өнер саласындағы авторлық бағдарламаны қолданатын Қазақстандағы алғашқы инновациялық экологиялық мектеп.

Мектеп 2022 жылдың қыркүйегінде ашылады деп жоспарланған.

Әлия Назарбаева жақын арада жаңа мектеп туралы және оның бірегей авторлық бағдарламасы туралы толығырақ айтып беретінін жеткізді.

Айта кетейік, Әлия Назарбаева – Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы президиумының төрағасы. Мұның алдында ол Алматыда қоқыстан жасалған заттардың көркем жұмыстар көрмесін ашқан болатын.

Көрмені ұйымдастырушылар адамдар назарын қалаларда белең алған қоқыс мәселесіне аударуды көздейді.

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының өкілдері азаматтар мен мемлекет адамның әлеуметтік жауапкершілігін арттыру арқылы қоқысты қайта өңдеуге көп көңіл бөлуі тиіс екенін айтты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар