Білім & Ғылым 12.02.2021 сағат 16:20

БҒМ 8 колледждің лицензиясын қайтарып алды

Ведомство барлық жабылған колледждің студенттері басқа оқу орындарына уақытылы ауыстырылып, оқытушылары жұмыспен қамтылғанын атап өтті.
БҒМ 8 колледждің лицензиясын қайтарып алды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Білім және ғылым министрлігі 8 колледждің лицензиясын қайтарып алды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Министрліктің ақпаратынша, БҒМ білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті оқу орындарының білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп, тиісті материалдық-техникалық базасы жоқ колледждерді анықтады.

"Ол оқу орындарында сабақ жүргізілмеген немесе мектеп түлектері сол колледждерге (бірінші курсқа) оқуға түсуге қызығушылық танытпаған. Осыған байланысты олардың қызметі толығымен тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Мысалы, Көкшетау заң колледжі мен Талдықорған заң колледжінде білім алған студенттер түлек атанған соң, аталмыш оқу орындарының басшылығы лицензияларын өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдаған.

Ведомство барлық жабылған колледждің студенттері басқа оқу орындарына уақытылы ауыстырылып, оқытушылары жұмыспен қамтылғанын атап өтті.

Білім министрлігі колледждердің білім беру қызметіне мониторинг жасауды жалғастырады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар