12.02.2021, 18:00

«Орналасу» - 200 мың мен 300 мың аралығы»: Алматы тұрғыны мектептердің үстінен шағымданды

Фото: ашық дереккөз
Білім және ғылым министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен тығыз жұмыс істеп, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нақты шаралар қабылдайтындарын мәлімдеді.

Алматыдағы жеке мектеп қызметкері Facebook желісіндегі парақшасында жас мұғалімнің айтқаны туралы жазды. Оның сөзінше, 8 мектепте жұмысқа орналасу үшін 200 мыңнан 300 мыңға дейін пара сұраған. Білім және ғылым министрлігі жазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады tengrinews.kz.

"Мен "Неліктен әлі жұмысқа орналаспағансыз?" деп сұрадым, ол: "Мен мектепте жұмыс істегім келгендіктен мектепке бардым. Бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасуға біреуіне барғанымда 200 мың сұрады, басқа біреуі - 250 мың, үшіншісі 300 мың сұрады. Осылай 8 мектепті аралап шықтым, "орналасу" - 200 мың мен 300 мың аралығы. Ол кезде ондай ақшам болмады, төлегім келмеді. Мені бағалайтын, "орналасуға" арналған ақшасыз да қабылдайтын мектеп табылар деп ойладым. Бірақ қателесіппін, ондай мектеп жоқ екен. Сегізінші мектептен кейін басқа жұмысқа кеттім" деп айтты", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында. 

Білім және ғылым министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен тығыз жұмыс істеп, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нақты шаралар қабылдайтындарын мәлімдеді.

"Жазба авторы нақты адаммен сөйлескенін айтқандықтан және заңға қайшы әрекеттер туралы ақпарат алғандықтан, біз автормен телефон арқылы сөйлесіп, педагогтың аты-жөнін және мектептер туралы мәлімет беруін сұрадық. Ол әзірге бізге ақпарат бермеді. Ақпарат қолымызға түскенде құқық қорғау органдарына жүгініп, тиісті шаралар қабылдауды талап етеміз", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек.